Астанада мүгедек жандарға қандай қамқорлық жасалынады?

0
1439

Бүгінде елордамыз Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан барынша қолдау, көмектер көрсетілуде. Астана қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті мәліметінше, қазір қаладағы мүгедектер саны 25 719 адамды құрайды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар 5316 бала бар екен. Олардың бәрі қазіргі таңда мемлекет тарапынан тиісті қолдауларға ие болып отыр.

Қазіргі таңда қалада ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша, олардың қоғамға қатысуына тең мүмкіндіктер жасалынуда. Біріншіден, мүмкіндігі бар тұлғаларға жәрдемақылар мен төлемдер түрінде әлеуметтік қолдау көрсету көзделді.

«Азаматтарға арналған үкімет» ҮЕ МЗТО департаментінің таратқан ақпаратынша, ай сайын мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақының көлемі 1 топ – 57 021 теңге, 2 топ – 45 438 теңге, 3 топ – 30 886 теңге, – 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар  41 578 теңге болып белгіленген. Ал бала жасынан мүгедектер және 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың 1 топ – 57 021 теңге, 2 топ – 47 220 теңге,  3 топқа 35638 теңге тағайындалған.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  1 топ – 3 763 теңге,  2 топ  – 3763 теңге, 3 топ – 1616 теңге және әр балаға 31 183 теңге мөлшерінде мүгедек баланы тәрбиелейтін анаға мемлекеттік жәрдемақы төленуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесіне шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде кедейлік шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысы бар отбасыларға (2019 жылдың 1 тоқсаны 15499 теңге) тағайындаған. Төлемнің ай сайынғы мөлшері бір адамға 15 498 теңгені құрайды.

Ал тұрғын үйді ұстау шығындарына сәйкес, құны үй иелеріне тұрғын үй көмегі (төлемнің орташа мөлшері айына 4 мың теңгеге дейін), коммуналдық қызметтерді төлеу (нормалар шегінде) ай сайынғы отбасылық табыстың 8%-ынан асатын болса, мүгедектерді қолдау күніне 2,5 АЕК (6313 теңге) мөлшерінде біржолғы төлемдер беріледі.

Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі адамдар «1 және 2 топтағы мүгедектер» санаты ретінде тұрғын үйге кезекке тұруға құқылы. Бүгінгі күні кезекте 45081 адам тұр, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектер  саны – 2542.  Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған отбасылар – 1871.

Екіншіден, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмекші және компенсаторлық құралдар, гигиеналық құралдар, қоғамдық көлікте жол жүру бойынша жеңілдіктер де қарастырылған. «Инватакси» қызметі мен шипажайлық-курорттық емделу ұсынылатынын айта кетуіміз керек. Бұл ретте қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығымен, 270 адам (санаторлық-курорттық емдеу мерзімі он төрт күн) бару ұсынылады. Жыл бойына санаторияға 6119 адамды қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 2907-і мүгедектер. Кезекке тұру электрондық түрде іске асады.

2018 жылдан бастап Астана қаласы мәслихатының шешімімен ерекше қажеттілігі бар баланың заңды өкілдерінің бірі қоғамдық көлікте тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін жеңілдіктер белгіленген.

Үшіншіден, қалада психоневрологиялық патологиялары бар балаларға арналған «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі күні стационар жағдайында 121 бала ем алуда. Өткен жылы балалар мен жастарға арналған 90 орындыққа арналған 2 күндізгі келу  бөлімшесі ашылған-ды. Аталған шара ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына жұмысқа баруға және өз проблемаларын шешу үшін уақытты босатуға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде орталық Астана қаласының жоғары оқу орындары үшін ғылыми-практикалық база болуда.

Орталық тиісті оңалту жабдықтарымен жабдықталған, өз бассейні бар, сондай-ақ тәулік бойы бейнебақылау жүргізілетінін де айта кетуіміз керек. Стационар және жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетуден басқа үйде күтім көрсету жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында арнайы әлеуметтік қызметтердің көлемін ескеріп, дефектологтар, психологтар, логопедтер, кәсіби терапевтер, музыкалық мұғалім, жаттығу терапевті және оңалту терапевтері жұмыс істейді.

Орталықтың үш жылдық қызметінде қызмет алатын балалардың саны 312-ден 640-ға дейін ұлғайды. Осындай қамтуға жету жартылай стационар жағдайында және үйде қажеттіліктерді кешенді бағалау және оңалту қызметтерін ұсыну арқылы арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін енгізу арқасында мүмкін болды. Орталықтың жұмыс істеу кезеңінде 26 бала алғашқы қадамдарын жасағанын да мақтанышпен атап айтуға болады. Бүгінде «Тұсау кесу» салт-дәстүрін өткізу Орталықтың дәстүріне айналды.

Төртіншіден, салауатты бәсекелестікті қалыптастыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында басқарма үкіметтік емес ұйымдармен өзара жұмыс жасайды. Бүгінгі күні қалада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын 4 үкіметтік емес орталық жұмыс істейді. Олар – «Балам-ай», «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы», «Орда» және «Ерекше балалар» деп аталатын қоғамдық ұйымдар. Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде басқармамен  үкіметтік емес сектор арқылы, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады.

«ҚмД» ақпарат

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here