Таяуда С.Жиенбаев атындағы облыстық  жасөспірімдер кітапханасының  қызметкерлері Ақтөбе облыстық арнаулы есту қабілеті нашар мектеп-интернатында 1 наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай, «Алғыс айту – асыл қасиет» танымдық кеш өткізді.

Аталмыш шара ризашылықпен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Кітапхана қызметкері Аяулым Зинекен сурдо аудармашы Нұргүл Камилованың көмегімен интернат тәрбиеленушілеріне «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы толық  түсінік  берді.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.

Шара барысында осыған сәйкес өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстануы  туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар ребус, сөзжұмбақтар шешілді. «Кімдерге алғыс айтамыз?» ойынында оқушылар басты алғысты туған жерімізге, ата-анамызға, жақындарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға  деп тізім жасап, белсенділік танытты.

Кітапханадан өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан жас кітапханашы қыздар мектеп-интернатының  тәрбиеленушілерімен бірге «Мен алғыс айтамын!» флешмобын ұйымдастырды. Өткізілген іс-шараға мектеп-интернатының мұғалімдері Назия Жанболатова, Бақытгүл Қыдыралина, Даража Қибашова және кітапханашысы Гүлмира  Жүнісова қатысты. Кітапхана қызметкері Лаура Сұлтанбекова «Құрметтің ең биігі – алғыс» атты кітап көрмесімен таныстырып, оқушыларды кітап оқуға шақырды. «Алғыс айту – әдептілік белгісі» тақырыбында слайд көрсетілді. Кеш соңында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Ләззат   Сағындыққызы  құттықтау сөз сөйлеп, облыстық арнаулы есту қабілеті нашар (түзетілім) мектеп-интернатының қызметкерлеріне, оқушыларына рақметін айтып, кітапхананың атынан алғыс хатпен марапаттады.

Ләззат Бөлтекова, С.Жиенбаев атындағы облыстық

жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here