Түркістанда 200 елді мекенді дамыту көзделуде

0
2552

Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақтыбай Дүйсебеков 2018 жылда атқарылған жұмыстар аясында жылды қорытындылаған баяндама жасады. Айтуынша, өткен жылға жоспарланған көптеген міндеттер орындалып, оған қазынадан бөлінген 66027,0 мың теңге толықтай игерілген.

Мәселен, былтыр облыстағы 77 елді мекенді дамыту үшін құрылыс сызбалары жасалса, биыл – 2019 жылы өңіріміздегі 188 ауылды көркейтудің схемаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Заңсыз құрылыс мәселесіне тоқталсақ, 110 құрылыс нысаны бойынша тиісті мекемелермен шара қолданып, 129 құрылыс обьектісі бойынша жұмыстар атқарылуда.

– Сәулеттік жобалар ретіне тоқталсам, біздің басқарма тарапынан «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында жүзеге асырылған жобалар туралы бағдарламаға сәйкес, облыс аумағындағы 500 ескерткіш анықталып, іріктеліп, оның ішінде, 100 нысанның тізімі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп жасалды. Сонымен қатар облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тарапынан төмендегі эскиздік жобалары әзірленді. Олар – облыс картасына орналасқан тарихи нысандарды ашық аспан астындағы макеттерінің жобасы, облыс бойынша аудан орталықтарындағы салынатын «Достық үйі» жобасы. Қазығұрт ауданы бойынша «Қазығұрт – кеме қалған» тарихи-этнографиялық кешенінің жобасы жасалып ұсынылды. 2019 жылға іске асыру жоспарланған. Ордабасы ауданы бойынша «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешенін абаттандыру. Үш бидің ескерткіші орнатылды. 2019 жылға абаттандыру жұмыстарын жалғастыру жоспарланған, – деді бас спикер.

Ақпарат құралдары өкілдерімен болған жүздесуде Б.Дүйсебеков Түркістан облысының жаңа гербіне конкурс өткізу бойынша да аз-кем ақпар бере кетті. Мәліметке сәйкес, 2018 жылдың 5 қыркүйек күні конкурс жарияланып, облыстық бюджеттен жүлде қорына 1,0 млн теңге бөлінген. Байқауға 50 автор өз ұсыныстарын берсе, солардың ішінен 3 жұмыс іріктеліп алынып (№50, №40, №11), дауысқа салынып, нәтижесінде 1-орын алған №50 жұмыс болып табылған. Ал оның авторлары Ж.Түймебаев, Е.Төлепбай, А.Жайлаубаев (Алматы қаласы) болса, 2-орын алған №40 жұмыс болыпты. Авторлары – М.Ердесова, А.Дәулет, А.Садуақасова, Д.Төлепов (Шымкент қаласы), соңғы жүлделі 3-орын алған №11 жұмыс авторы Ж.Бүркітбаевқа (Шымкент қаласы) бұйырған.

Жаңа жылдағы негізгі күшті Түркістан қаласының бас жоспарын әзірлеуді аяқтауға бағыттауды көздеген басқарма басшылығы, ең бірінші кезекте, топографиялық түсірілімдерді аяқтап, сыртқы көлік – әуе тасымалы, теміржол, автокөлік жолдары мәселесін реттеуге, қалаға іргелес аумақтарды көгалдандыру бойынша сызба әзірлеу сынды негізгі жұмыстарға көңіл бөлуді қарастырып отыр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here