Астананың 20 жылдығы: Жетісулық альпинистер сөздерінде тұрды.

0
2494

Естеріңізде болса, «Жетісу» географиялық қауымдастығының бір топ альпинистері жаз кезінде Алматы облысы аумағындағы аспанмен таласқан тауларға көтеріліп, өз жетістіктерін Астананың 20 жылдық мерейтойына арнайтынын айтқан болатын.

Спортшылар сөздерінде тұрып, Астана қаласының 20 жылдығына орай жеті  шыңды бағындырды.

Альпинистердердің айтуынша, таулардың биіктігінің жалпы қосындысы 20 мың метрге жуықтайды.

Бұлардың арасындағы  ең биік шың 7 мың метрлік Хан Тәңірі болса, ең аласа дегенінің өзі 1500 метрлік Текелі тауы.

Бұдан бөлек альпинистер Лабасы, Фурманов, Панорама, Башута және Турист сынды шыңдарға шығып қайтты.

Қауымдастық жетекшісі Әнуар Демегеновтің бұл ретте осынау асқар тауларды бағындырудағы негізгі мақсаты тау туризмін дамыту екенін тілге тиек етті.

– Өз миссиямызды Астананың 20 жылдық торқалы тойына арнай отырып, осы арқылы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, альпинизмге қызығушылықтарын оятуды мақсат тұттық. Сонымен өңірдің географиясын, тарихын, этнографиясын зерттеп, қоржынымызды тың ақпараттармен толықтырғымыз келді. Көздеген мақсатымызға жеттік, – дейді ол.

Әнуар Демегеновтің айтып өткеніндей, бүгінгі таңда «Жетісу» географиялық қауымдастық құрамына 12 адам ғана мүше. Алайда жақын уақытта қауымдастық өз құрамын ұлғайтып, алдағы жылдары жаңа бағыттар ашып, жаңа белестерді бағындыруды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here