Гематолог дәрігерлер бас қосты

0
969

Денсаулық сақтау министрлігінде министрі Елжан Біртановтың төрағалық етуімен Қазақстанның ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Дөңгелек үстел басында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, арнайы бейін мамандары – гематологтар, «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК өкілдері қатысып, өзекті мәселелері сөз болды.

Кеңес барысында Қазақстанның кәсіби гематологиялық қауымдастық – «Гематолог дәрігерлердің қазақстандық қоғамы» РҚБ әзірлеген гематологиялық көмекті дамыту жөніндегі жол картасы талқыланды. Осы құжатта қызметті кадрлық күшейту, ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қан ауруларын ертерек диагностикалау мәселелері қозғалды. ҚР халқына гематологиялық көмек көрсетудің тиімді моделін құру арқылы оңтайландыру ұсынылады, ол өңірлерде пациенттер үшін медициналық қызмет көрсетудің диагностикадан бастап, оңалтумен аяқталатын тұйық циклын бір жерде құруға негізделеді.

Гематологтардың болжамы бойынша бірлесіп әрекет ету негізінде қол жеткізілетін ақырғы нәтиже бесжылдық өмір сүрушілікті 60%-ға дейін ұлғайту болып табылады.

Министр кәсіби қауымдастықтардың тарапынан белсенділік танытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ дәрігерлердің, пациенттердің, басқарушылардың, оның ішінде өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары басшыларының тарапынан халыққа бейінді медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мәселелеріндегі жауапкершілігін арттырудың қажеттігін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here