Қазір елімізде қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірнеше өңірлік бағдарламалар жүзеге асуда. Соларды бірі «Бизнестің жол картасы2025» бағдарламасы. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында аталмыш бағдарламаны жүзеге асырып, халықтың тұрмыс жағдайын көтеру жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Елорда әкімдігі пандемия кезінде қаладағы шағын кәсіпкерлерге мейлінше қолдау жасап, барынша көмек көрсетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында ШОБ-ты қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыруды жергілікті билік орындарына тапсырған болатын. Президент тапсырмасынан кейін бұл бағытта кешенді жұмыстар қолға алынды.

Атап айтар болсақ, Елордада «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша өткен жылдан бастап пайыздық мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендетіліп, әкімдіктің шағын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қаржылай қолдаудың жалпы сомасы 7 млрд теңгеге дейін ұлғайғанын айта кетуіміз керек. Осылайша, пандемия кезінде елордалық кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауын барынша сезінді десек болады. Нұр-Сұлтан қаласында шағын кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттенген азаматтарға берілетін несиелерге қатысты салалық шектеулер алынып тасталғанын және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шағын бизнеске микрокредит беру бойынша жаңа бағыт енгізілгенін айта кетуіміз керек.

Осындай қолға алынған шаралардың арқасында биылдың өзінде Нұр-Сұлтан қаласындағы өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім беру, құрылыс, көлік 100-ден аса жоба субсидияланып, пандемия кезінде шағын кәсіпкерлер кең тыныстағанын атап айтуға болады.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында өз кәсібін дамытуға ниеттенген жандар үшін Елорда әкімдігі мемлекеттік гранттар беріп жатқанын атап айтуға болады. Конкурстық комиссия мемлекеттік грантқа құжат ұсынған елордалықтардың жобаларын қарастырып, 68 жоба мақұлданды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлердің 23 жобасы бар екенін айта кетуіміз керек.

Бағдарламаның шарттары бойынша бөлінген қаражаттың 20%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын топтарға мемлекеттік гранттар беруге бағытталған.

Бұл ретте «Active life» ЖК «ИНваСТО» мобильді жылжымалы сервис орталығы сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларды атап өткен жөн. Олар Нұр-Сұлтан қаласының кез келген жеріне келіп, сол жерде техникалық көмек көрсете алады немесе күрделі жөндеу жүргізілген жағдайда уақытша арбамен қамтамасыз ете алады.

Сондай-ақ, Қазақстанда алғашқы отандық өндірістің экзоскелеттерін шығаруды жоспарлап отырған «Bars» ЖК «Отандық экзоскелет өндірісі» инновациялық бизнес-идеясы қолдау тапты.

Ал осы жылдың 28 маусымы мен 12 шілдесі аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жұмыс органы ретінде «Qoldau» Цифрлық бизнес-платформасы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру конкурсына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қабылдады.

Барлығы 335 өтінім келіп түсті, мәліметтер өңделгеннен кейін 177 жоба қорғауға жіберілді. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында пандемия жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытуға қатысты жұмыстар өз жемісін беруде. Алдағы уақытта да «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған қала тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер аша түсетіні анық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here