Қазақстан мұнай өндірісі көлемін қысқартты

0
2026

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2020 жылдың алғашқы жеті айында 1,4% төмендеді. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, коронавирусқа қатысты пандемия мен көптеген елдерде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты мұнайға деген сұраныс азайды.

– Осы жылдың жеті айының соңында өндірілген мұнай мен конденсат өндірісі 51,5 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% -ға төмен. Мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады, – деді Нұлан Ноғаев Үкімет отырысында.

Өндірілген газ көлемі 3,4 млрд текше метрді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% -ға көп.

Ол Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, сұйытылған газды бөлшек саудада өткізудің максималды бағаларын белгілегенін, бұл оның бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін де атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here