Алматы облысында шағын және орта бизнестің 121 мыңнан астам  субъектісі жұмыс істейді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, ҚР Президентінің «ҚР төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығына сәйкес шектеу шаралары енгізілуіне байланысты қалалық, аудандық әкімдіктермен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, төтенше жағдай кезінде мемлекет тарапынан шағын және орта бизнес субъектілеріне көрсетілетін қолдау шаралары мен салықтық ынталандыруларды таныстыру мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Басқарма басшысы Руслан Қожасбаевтың сөзіне сүйенсек, Алматы облысындағы шағын және орта бизнесті қолдауға 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 9 млрд теңгеден астам сома бөлінді. Оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 4,1 млрд теңге, ішінара кепілдендіру – 1,3 млрд теңге ал жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру – 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін жалпы конкурс бойынша 72 млн теңге, жас кәсіпкелер үшін – 50,0 млн теңге; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 3,6 млрд. теңге, мұнда 1,4 млрд. теңге жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландырылған.

Сонымен қатар бизнесті қолдаудың жұмыс істеп тұрған мемлекеттік бағдарламаларымен қатар төтенше жағдай кезінде «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлесіп «Жетісу» шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджеттен 500,0 млн теңге және қор бюджетінен 500,0 млн. теңге жалпы сомасы 1,0 млрд. теңге бөлінді. В Қазіргі кезде «Даму» қорымен бірге бағдарлама шарттарын келісу жұмыстары жүріп жатыр.

Басқарманың хабарлауынша, несие алу, сыйақы мөлшерлемесін субстдиялау, несие бойынша кепілдендіру мәселелері бойынша өңірдің тілек білдіруші кәсіпкерлері «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға және екінші деңгейлі банктерге жүгіне алады. Бағдарламаларға қатысу шарттары жайлы сұрақтар туындаған жағдайда 8/7282/32-95-68, 32-95-67 телефон нөмірлеріне хабарласуға кеңес береміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here