ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті 2020 жылға арналған Кешенді мақсатты бағдарламаны бекітті. Оның міндеті – халықаралық және республикалық маңызға ие жолдарда қысқы кезеңнің салдарынан пайда болған олқылықтарды жою.

15 сәуірден бастап Қазақстанның жолдарында жол жабындысының олқылықтарын жоюға бағытталған жыл сайынғы екі айлық басталады. Екі ай ішінде шұңқырларды жамау, жол белгілерін орнату және жолдарды таңбалау сияқты жұмыстардың жылдық көлемінің 60%-ға орындалмақ.

Аталмыш жұмыстар 15 сәуір мен 15 маусым аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, 1 мамыр мен 1 шілде аралығында Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілетін болады.

Бағдарламаға сәйкес ел жолдарының 463 мың шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіліп, 13,4 мың жол белгілері мен ақпараттық нысандар орнатылады деп күтілуде. Жолшылар ұзындығы 37,1 мың шақырымды құрайтын жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалап, жол бойындағы қоршаулардың 37,5 мың қума метрін орнатуы, жөндеуі тиіс. Сонымен қатар, жолдардың 8,4 мың шаршы метрінде шуыл жолсызығы төселетін болады деп жоспарлануда. Жұмыстарды «Қазақавтожол» ЖШС жүзеге асыратын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here