ҰБТ-ның, ұлттық біріңғай тестілеудің бесінші күні мәресіне жетті.

Білім және ғылым министрлігі тестілеудің бесінші күніне оң баға беріп, ҰБТ-ның ойдағыдай өтіп жатқанын айтты.

Министрліктің Білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың тоқталып өткендей, биылғы тестілеуден өтуге өтініш берген 74 мың 365 түлектің 71 мың 221-і ҰБТ-ға қатысыпты.

«Бұл тест тапсыруға өтініш бергендердің 96 пайызы. Мұның ішінде мемлекеттік тілде – 56 мың 684, орыс тілінде – 14 мың 455, ал ағылшын тілінде 87 түлек бағы мен білімен сынады», – деді Тойбаев.

Айтуынша, 24 маусымда еліміздегі ең жоғары балл алған жағдай тіркелді. Түркістан облысының, Сарыағаш ауданының түлегі әрі «Алтын белгінің» иегері Жұбай Әділжанұлы 140 балл жинаған екен сол күнгі тестілеуде.

Түлектер таңдаған пәндердің ішінде физика, биология, математика және химия пәндері өзгелерден озық тұр.

Сонымен қатар биылғы тестілеуге ерекше білім алуды қажет ететін 21 бала қатысқан. Оларға ыңғайлы болу үшін арнайы бөлмелер беріліп, арнайы мамандардың көмегімен сынақтан өткен.

«Тәртіп бұзылмауын жіті бақыладық. Аудиториялардың барлығы қалта телефондарын анықтау құрылғылармен және де бейнекамерамен жабдықталды. Тікелей желі тұрақты жұмыс істеді. Тестілеу өткен бес күннің ішінде Ұлттық тестілеу орталығының қоңырау шалу орталығына 546 адам хабарласқан екен. Көпшілікті тамыз айындағы Ұлттық біріңғай тестілеу мен ЖОО-ға түсу мәселелері толғандырды», – дейді Тойбаев.
Департамент басшысы бұдан бөлек мемлекеттік аппеляциялық комиссияға 100-ден аса арыз-шағым келіп түскенін, оның ішінде 63-і қанағаттандырылғанын тілге тиек етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here