«Болашақ» бағдарламасының түлектері әзірлеп шығарған заманауи жобалар әлемге танылуда.

Бұл өз кезегінде еліміздің жаңа технологиялар нарығында өз орнын тауып, қазақстандық өнімдердің сұранысқа ие боларына септесері анық.

«Болашақ» бағдарламасының дарынды жастары жасап шығар ІТ бағдарламаға әлемнің 5 бірдей мемлекеті қызығушылық танытып, сатып алыпты.

Қазіргі таңда – Украина, Литва, Дубай, Латвия және Ресейде қазақстандықSTEM академиясының жобасы аясында заманауи нарыққа бейімделе білетін кәсіпкерлерді әзірлеп жатыр.

Аталған бағдарламаға тек сыртқы нарықта ғана емес, өз ішімізде қызығушылық жоғары.

Бүгінгі күні ел көлемінде 100-ге жуық орта мектепте STEM зертханалары ашылып, табысты жұмыс істеп жатыр.

STEM зертханаларының мақсаты не?

Шынымен, бұл зертханалар немен айналысады? Қандай нәтиже береді? Айналып келгенде, олардың мақсаты не?

Осы ретте біз аталған жобаның авторларының бірі Жанат Нұғымановқа хабарласып, STEM зертханалар туралы сұрап-білген едік.

– Иә, мұндай зертханалардың пайда болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Олар немен айналысады десеңіз, мұндай орталықтардың негізгі үш қызметі бар:

Біріншісі, инженерлік жобалау;

Екіншісі, робот техникасы;

Үшіншісі, 3D модельдеу.

Мінеки, заманауи технологиялардың қыр-сырын танып-білгісі келетін жастарға STEM ғылымы осы салаларды тереңдетіп үйретеді, – дейді Жанат Нұғыманов.

Оның айтуынша, жаһанда, оның ішінде технологиялық тұрғыдан алға озған елдерде кеңінен танымал бұл сала Қазақстанға да біртіндеп енуде.

STEM зертханаларының тағы бір басымдығы – оқушылар математика, химия, физика пәндерінен алған білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алады.

Дарынды, талапты, талантты өнертапқыштар STEM зертханаларының көмегімен бүгінгі дәуірдің сұранысына ие тың дүниелер жасайтын мүмкіндікке ие.

STEM зертханаларында жасалған әлеуметтік тұрғыдан аса қажетті, әрі өзекті жобаның бірі – мүгедектерге арналған арба. Бұл арбаны автоматты түрде басқаруға болады екен.

Қондырғыны Нұр-Сұлтан қаласының 10 сынып оқушысы жасап шығарған.

– STEM зертханасында жасалған мүгедектерге арналған арбаны мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өздері айналысады, 5 минуттың ішінде ешкімнің көмегінсіз-ақ орната алады. Қондырғының ерекшелігі сонда, арба арнайы тетікшенің көмегімен қозғалады.

Иә, мұндай жобалар шетелдерде де бар. Алайда олардың Қазақстанға әкелу құны өте қымбат. 1 данасы 250-300 мың теңгенің төңірегінде тұрады.

Ал өз елімізде жасалған мына арбаның құны 50 мың теңгенің айналасында,  – дейді Жанат Нұғыманов.

STEM зертханаларында оқушыларға барынша шығармашылық еркіндік беріледі екен.

Осынау зертханаларда жасалған өнертабыстардың қатары күн өткен сайын толығып келеді. Соның бірі – зағип азаматтарға арналған таяқ. Бұл таяқтың ерекшелігі сонда, зағиптың алдында қандай да бір кедергі пайда болса, таяқтағы «датчиктер» 1-2 метр бұрын іске қосылып, хабар береді. Аталған құралдың құны небәрі 5 мың теңге.

STEM зертханаларында жасалған тағы бір құрал саяхатшыларға арналған. Күннен қуат алатын осынау қондырғылар арқылы тау-тасты шарлайтын саяхатшылар телефонын қуаттауға мүмкіндік алады. 

STEM академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мүтәлінің айтуынша, елімізде мұндай зертханалар ашу үшін 12-16 млн теңге қажет екен.

Аталған қаражат 3D үлгілеуден бастап, заманауи жобалар жасауға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

– STEM академиясы сонымен қатар ұстаздардың білім-білігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ұстаз білікті болса, шәкірт те сапалы білім алары анық қой.

Бұл академияның қабырғасы осыдан 5 жыл бұрын қаланған болатын. Барлығымыз да «Болашақ» бағдарламасының түлектеріміз.

Бүгінгі таңда осынау бағдарлама негізінде ел көлемінде 70 мыңға жуық оқушылар оқу мен тәжірибені ұштастырып жатыр.

STEM академиясында онлайн беру жүйесі де жолға қойылған. Қазір аталған платформа арқылы 500-ден аса оқушы білім алуда.

Күні кеше 5 мыңға жуық дарынды оқушылар қатысқан республикалық онлайн олимпиада өткіздік, – дейді Әбутәліп Мүтәлі.

Сонымен қатар…

STEM академиясы тек оқыту бағдарламасымен ғана шектеліп отырған жоқ, жақында академия іргетасын қалаған «Болашақ» түлектері жаңа жобалар жасауды үйрететін арнайы оқулық та басып шығарды.

Әзір бұл оқулық Америкада саудаланып, үлкен сұранысқа ие болуда. Айналасы бір жарым айдың ішінде оқулықтың 250 данасы сатылып кеткен.

Иә, бір қарағанда бұл аз көрінуі де мүмкін. Алайда адамды кәсіпкерлікке баулитын кітаптың бірі данасының құны 1,5 млн теңге тұратынын ескерсек, саудаланған оқулық санын аз деуге аузымыз бармайды.

Әбутәліп Мүтәлінің айтуынша, «болашақтықтар» осының негізінде табыс тауып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның ІТ саласын дамытуға да өз үлестерін қосуда.

– Мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында бүгінгі күні STEM академиясы  2020-2023 жылдарға арналған үшжылдық бағдарламаны дайындап жатыр.

Осыдан бір ай бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде бұл жобаны биылғы жылдың шілде айына дейін өткіземіз деп сөз бердік. Мемлекетіміз бізді әлемнің үздік оқу орындарында оқыту үшін қыруар қаржы жұмсады. Оның өтеуі ретінде әлемдік нарықта бәсекеге бейім өнім әзірлеп, ел алдында қарызымызды қайтару қажетпіз, – дейді STEM академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мүтәлі.

«Болашақ» түлектерінің ойлап тапқан тағы бір жобасы – әйгілі Байқоңырдан Марсқа зымыран ұшыратын ойын. Ойынды ұялы телефон арқылы жүктеуге мүмкіндік бар.  Мүтәлінің айтып өткеніндей, бұл ойын ІТ саласына қызығушылығы бар балалардың ой-өрісін дамытуға негізделген.

«Мемлекетіміз бізді әлемнің үздік оқу орындарында оқыту үшін қыруар қаржы жұмсады. Оның өтеуі ретінде әлемдік нарықта бәсекеге бейім өнім әзірлеп, ел алдында қарызымызды қайтару қажетпіз», – дейді STEM академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мүтәлі.

STEM академиясы тек оқыту бағдарламасымен ғана шектеліп отырған жоқ, жақында академия іргетасын қалаған «Болашақ» түлектері жаңа жобалар жасауды үйрететін арнайы оқулық та басып шығарды.

Әзір бұл оқулық Америкада саудаланып, үлкен сұранысқа ие болуда. Айналасы бір жарым айдың ішінде оқулықтың 250 данасы сатылып кеткен.

STEM зертханаларында жасалған әлеуметтік тұрғыдан аса қажетті, әрі өзекті жобаның бірі – мүгедектерге арналған арба. Бұл арбаны автоматты түрде басқаруға болады екен.

Қондырғыны Нұр-Сұлтан қаласының 10-сынып оқушысы жасап шығарған.

– STEM зертханасында жасалған мүгедектерге арналған арбаны мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өздері айналасады, 5 минуттың ішінде ешкімнің көмегінсіз-ақ орната алады. Қондырғының ерекшілігі сонда, арба арнайы тетікшенің көмегімен қозғалады.

Иә, мұндай жобалар шетелдерде де бар. Алайда олардың Қазақстанға әкелу құны өте қымбат. 1 данасы – 250-300 мың теңгенің төңірегінде тұрады.

Ал өз елімізде жасалған мына арбаның құны 50 мың теңгенің айналасында,  – дейді Жанат Нұғыманов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here