Шығыста индустрияландыру аясында металлургия мен машина жасау қарқынды дамыды

0
2260

Осы аптада Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерді түсіндіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысты.

Бірінші кезекте Бақытжан Сағынтаев Өскемен қаласында орналасқан №46 мектепте болды. Сапар барысында халық кірісінің деңгейін арттыру, медициналық қызмет көрсету және білім беру сапасын жақсарту, шағын және орта бизнесті дамытудың қосымша құралдары, сондай-ақ индустриялық даму келешегі мәселелері талқыланды.

Басқосуда Үкімет басшысы мектепке дейінгі жастан бастап білім беру сапасын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар азаматтардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету аясында, әсіресе жылыту маусымының басталуына орай, тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсартудың маңыздылығы назардан тыс қалған жоқ.

Үкімет басшысы Жолдауда өмір сүруге жайлы орта құру, көлік инфрақұрылымын дамыту, жергілікті жолдардың сапасын арттыру, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту есебінен жұмыс орындарын құру міндеттері аталып өткенін де тілге тиек етті.

Азаматтарды сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылған. «Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 3638 тұрғын үй салынды, соның ішінде 1347-і жеке тұрғын үй. Биыл 410,5 мың м2, соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекеттік қаржы көздері есебінен 126,4 мың м2 пайдалануға беру көзделген. Жалпы, республика бойынша 1294 мың м2 (22 623 пәтер) құрылысына 172,5 млрд теңге мемлекеттік инвестиция бағытталған. Семей қаласы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 28,5 мың м2 тұрғын үй (486 пәтер) құрылысына 3,5 млрд  теңге бағытталған – бұл несиелік тұрғын үйдің сегіз үйінің құрылысы», – деді Ж.Қасымбек.

Сонымен қатар Елбасының тапсырмасына сәйкес, алдағы бес жылда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 650 мыңнан астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 2 млн азамат баспаналы болады деген сөз. Бүгінде халықтың баспаға қолжетімділігін арттырған Елбасының «7-20-25» бастамасы болып отыр. Бағдарлама арқасында алдағы бес жыл ішінде шамамен 103 мың адамның тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі болады.  «Жыл соңына дейін Павлодар облысынан Семейге одан әрі Қалбатауға дейінгі жолды ашуды жоспарлап отырмыз. 2019 жылы «Таскескен – Бақты» және «Өскемен – Зырян – Рахман қайнарлары» учаскесінің жұмысы аяқталады. 2017 жылдан бастап ұзындығы 415 км «Қалбатау – Майқапшағай» және 449 км болатын «Талдықорған – Өскемен» автожолы жөнделіп жатыр. Жоспар бойынша жөндеу жұмысы 2020 жылы аяқталуы тиіс. Жалпы, 2021 жылға қарай облыс арқылы өтетін негізгі халықаралық бағыттағы автожолдар толығымен қайта жаңғыртылады», – деді Ж.Қасымбек.

Шығыс Қазақстан облысында индустрияландыру жылдарында металлургия, машина жасау салалары қарқынды дамыған. Құны 224,6 млрд теңгелік 57 жоба іске қосылып, 7,1 мың адам тұрақты жұмыс орнын тапқан. Жалпы, өңдеу өнеркәсі саласындағы облыстың үлесі 14% құрайды, экспорттың жалпы көлемінде – 15%. Шығыс Қазақстан облысының 40-тан астам кәсіпорны өз өнімдерін экспортқа шығарады. Бұл – негізінен, металлургия, химия және машина жасау салаларының өнімдері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here