Жазық даламен белдеуінде көк жолғағы бар ақ шағаладай автобус тас жолмен жүйткіп келеді. Сап-сары адырлар мен белдер артта қалып барады. Бірін-бірі қуалаған бағаналар да тізбекетліп өтіп жатыр. Осы көрініске автобус терезесінен ойлана көз тастап, жасөспірім бір қыз бала отыр. Уысына қысып ұстаған мөп-мөлдір моншақтары терезеден түскен күн сәулесімен шағылысып, түрлі-түске бөленеді.
Балауса жанарын терезеден бұрып әкетіп, уысындағы мың құбылған моншақты қайта айналдырып қарай бастады. Мөлдір моншақтар жалт-жұлт етіп, көздің жауын алады. Балаусы қаз қатар тізілген моншақтарды қызықтай отырып, өзінің терең ойға қалай шомып кеткенін аңғармай қалды.
Ең алғаш осы моншақты жазда ауылға қыдырып келген, қалада тұратын немере ағасының өзі қатарлас қызы Құрайлайдың мойнынан көріп, қатты қызыққан еді. Сонда Құралай мұның моншаққа қызыққанын байқап: «қалаға, біздің үйге келсеңші, дүкенде бұдан да әдемісі болса саған алып қоямын» деген болатын.
Балауса болса «жарайды» деп қала берген. Содан «әне барамын, міне барамын» деп жүргенде арда жиырмашақты күн де зулап өте шықты.
Бір күні «Дариға қатты ауырып қалды, тез жетіңдер» деген хабар келгеннен кейін апасы екеуі шұғыл жолға шығып, қаладағы ағасының үйіне аттанған еді.
Балауса жол бойы «Құралайға аяқ астынан не болып қалды» деп алаңдап келе жатты. Мұндайда жолда ас ішектей созылып, діттеген жеріңе жетпей кетеіні белгілі ғой. Балауса жол бойы көңілін басқа жаққа аудару үшін күре жолдың бойына жағалай сап түзеген бағаналарды санап, санынан жаңылысқаны есінде.
Жол бойындағы бағаналарға көз салсаң, ақ автобустың құстай ұшып келе жатқанын байқайсың, ал көз ұшында созылып жатқан тауға қарасаң, көлігің бір орында қозғалмай тұрғандай әсер беретін. Сондықтан Балауса алыстағы тауларға қармауға тырысты. Шағаладай автобустың жылдымдығына ілесе алмай қалып жатқан бағаналар санаған қызық көрінді. Балауса терезеге көз тастап отырғанда қалаға таяп қалғанын да байқамады.
Алматыға жақындай бергенде жол бойындағы бағаналар да көбейіп, бірі басқа жаққа бұрылып, көзден ғайып болса, енді бірі күре жолды жағалай алға ұмтылды. Жүйткіп келе жатқан автобустың жанынан алға озып, кейін қалып жатқан көліктің қарасы да көбейді. Балауса көлік қарасының көбейгенінен қалаға таяп қалғанын аңғарды. Ол қалаға таяғанда Дариғаның жағдайын тезірек білуге асықты. Балауаса бес қабатты үйге келіп маңдай тіреп, ішке кіргенде болған оқиға қанықты.
Ағасы Абзал мен жеңгесі Әлия ағасының досы Қайсардың көлігімен қала сыртындағы саяжайға бой жазып қайтуды ойлайды. Бірақ жеңгесінің аяқ астынына жұмыс бабымен шақырытып әкетедеді де, бәрі саяжайға кешке баруға уәделеседі.
Ағасының досымен әңгімелесіп отырғанда Қайсар өзінің балалары саяжайға барып ойнап жатқанын айтып, өзімен бірге Құралайды алып кетуге рұқсат сұрайды. Ағасы қызының төрт қабырғаға қамыдып үйде отырғанша, саяжайға барып, балалармен ойнағанын жөн санап, келсімін береді.
Содан ағасының досы Қайсар жеңіл көлігімен саяжайға қарай кетіп баражатқанда жол бойында жүк көлігіне соқтығысып, жол апатына ұшырапты. Жол апаты кезінде рольде отырған Қайсар оқиға орнында мерт болады. Ал артқы орындықта орындықта отырған Құралай ауыр хәлде ауруханаға түскен екен. Сол замтта Абазал ағасы Балаусаның апасына хабар береді. Бірақ жол апатынан қатты зардап шеккен Құралай есін жимастан бір күннен кейін қайтыс болыпты. Осылайша Балауса өзінің сырлас құрбысынан айырылып қалғанын естігенде көңілі құлазып, көзінен жас парлап, тамағына өксік тығылғанын өзі де аңғармай қалды.
Жол бойы келе жатқанда Балаусаға апасы да тіс жарып ештеңе айтпаған-ды. Апасы әдеттегі ақжарқын мінезінен айырылып, қабағы түйіліп, терең ойға шомып, күрсіне бергені Балаусаға мүлде ұнамаған еді. Бірақ ол жағдайдың мұншалықты қиын болатынын ойламаған-ды. Айдың-күннің аманында жан құрбысынан айрылып қалады дегенді кім ойлаған. Ол Құрайлайдың қазасын естігенде ойы сан-саққа жүгіріп, біразға дейін ақыл-естен айырылған адамның күйін кешті.
Көз алдына Құралайдың бейкүнә келбеті елестеп, онымен енді бірге ойнамайтыны есіне түскенде ет жүрегі езіліп, көзінен жас моншақтай жөнелетін…
Міне, Құрайлайдан айырылып қалғандарынан екі жылдан асты. Өткенде аға-жеңгесі ауылға келгенде Балаусаны өздерімен бірге қалаға алып кеткен-ді. Енді сол ағасының үйінен ауылға қайтып келе жатқан беті.
Балауса ағасының үйіне барған күні Құрайлайдың бөлмесіндегі ілулі тұрған бейкүнә суретіне көзіне оттай басылған болатын. Суретке көзі салғанда көзінен ыршып шыққан жасты өзі де аңғармай қалды.
Балауса аға-жеңгесінің көңілін түсіргісі келмей, жүзін бұрып, жеңімен көзін байқатпай сүрткен болды. Сәлден кейін қабырғада ілулі тұрған фотоға қайтадан көз салғанда оның жақтауында ілулі тұрған мөлдір моншақты көрді. Бұл баяғы Құралайдың мойнынан көріп қатты қызыққан мөлдір моншақ еді. Балауаса ауылға қайтатын кезінде жеңгесінін Құралайдың моншағын сұрап алды. Жеңгесі моншақты оған беріп тұрып:
– Егер Құралайым, тірі болғанда сенімен бірге ойнап-күліп жүрер еді. Мына моншақты көзіңдей көріп ұста, – деп жылап жібергенде, Балауса да көз жасына ерік беріп, жеңгесінің құшағына құлай кеткен болатын.
Балауса Құрайлай дүниеден қайтқан күннен бастап өзінің бірнеше жасқа есейіп кеткендей сезінді. Баяғыдағы мәз-майрам болып, арқа-жарқа болып жүретін күн алысқа кеткендей…
Қазір автобусқа мінгенде діттеген жеріне жеткенше баяз таппайтын Балауса жоқ. Ол қаладан ауылға қайтқанда жол бойы адыр-төбелерге, созылып жатқан таулар мен жол бойында қаздай тізілген бағаналарға да көз тоқтатып қарамады. Бірақ терезеден алыс бір жаққа… көз салып отырды. Оның сыртынан қараған адам Балаусаны жол бойын бақылап отыр деп ойлар еді. Бірақ Балауса жол бойындағы ешқандай затқан көз тоқтатып, назар аударған жоқ. Тек қолындағы мөлдір моншақтарды сығымдай ұстап, ақша бұлттардың арасынан жан құрбысы Құралайды іздегендей… болды. Ол осылайша ауылға қалай жеткенін де білмей қалды. Автобус ауылдың кіре берісіндегі дүкеннің маңындағы аялдамаға келіп, кілт тоқтағанда Балауас ауылға жеткенін білді. Ол қолындағы мөлдір моншақтарды қалтасына салып, заттарын жинастырып, автобустан түсіп үйіне қарай беттеді.
Гүлзира ЖОМАРТОВА