Дәрі мен медициналық жабдықтар сатып алуды қамтамасыз ететін портал жұмысын бастады

0
1627

Қазақстанда дәрілік заттар мен түрлі медициналық жабдықтарды сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соңғы уақыттары бұл сала заман талабына сай дамып, үлкен өзгерісті бастан кешті десек болады.

Бүгінде медицина саласына қажетті заттарды сатып алу ісі «Самұрық-Қазына – Фармация» мекемесіне тапсырылғаны белгілі. Таяуда аталмыш компания сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған жаңа веб-порталды іске қосты. Өз кезегінде «СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп жаңа портал дәрі мен медициналық заттарды сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекет қаржысын айтарлықтай үнемдеуге жол ашатынын алға тартты. 

– Біз дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету жолында тағы бір қадам жасадық. ЭКО платформасында құрылған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың веб-порталында медициналық жабдықтарды сатып алуды ұйымдастыру үшін жаңа бөлім әзірленді. Қазір жалпы сомасы 3 млрд теңгеге 2 атаудағы бірінші тендер жарияланды, – деп жазды Берік Шәріп.

Осылайша, сатып алуға 91 млн теңге шекті баға бойынша 12 онкоорталыққа арналған таргентті дәрілік заттар мен цитостатиктер химиясын орталық көбейтудің автоматтандырылған құрылғылары жарияланған. Сатып алудың жалпы сомасы 1 млрд 92 млн теңгені құрапты.

Бұдан басқа, компания отандық медицина мекемелеріне онкология саласында қолданылатын желілік үдеткіш сатып алмақшы. Бұл – жабдық, қатерлі ісік жасушаларына зақым келтіретін қатерлі ісікке сәулелену қуатын бірнеше рет күшейтетін электрондар мен фотондардың белсенді ағынын бағыттайынымен ерекшеленеді. Осылайша, аталған құрылғы науқастың жазылу ықтималдығын айтарлықтай арттырады. Үдеткіш – өте қымбат әрі тиімділігі жағынан инновациялық техника болып саналады.

Мұндай жабдықтар әлемнің ең үздік клиникаларында жабдықталған. Мұндай үдеткіштің шекті құнын денсаулық сақтау министрлігі 1,8 млрд теңге мөлшерінде анықтады.

Жарияланған позиция денсаулық сақтау министрлігінің 12 шілдедегі бұйрығымен бекітілген. Алдағы уақытта веб-портал арқылы сатып алынатын медициналық техника тізбесін айтарлықтай кеңейте түспекші.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here