«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Жастар жылы аясында ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаңғырту үшін қазақстандық жас жаңашылдардың стартап-жобалары мен бизнес-бастамаларын қолдау бойынша жұмыс жүргізуде.

Компания жанынан құрылған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар басқармасына (ҒЗТКЖ) озық технологияларды пайдалана отырып, инновациялық жүйелерді әзірлейтін мамандар тартылды. Аяқталған өнімдердің бірі энергоресурстарды есептеу құралдарынан деректерді қызмет көрсететін компанияларға беруге арналған заманауи зияткерлік құрылғы болып табылады.

Әзірлеменің авторлары – Демирел Сүлейман атындағы университеттің студенті Қуаныш Қырықбаев пен Назарбаев Университетінің түлегі Жарасхан Қуанышұлы.

Әзірлеушілер түсіндіргендей, деректерді беру алгоритмі мынадай түрде жүргізіледі – есептеуіштен берілетін импульстік деректерді пайдалана отырып, мәндер деректерді өңдеу және импульстік мәндерден цифрлық мәндерге түрлендіру үшін радиомодемге беріледі. Содан кейін деректер LoRaWAN немесе NB-ІоТ сымсыз радиожиілік интерфейсінің көмегімен базалық станцияға жіберіледі. Барлық тұрғын үй кешенінен барлық деректерді жинағаннан кейін есептеуіштен көрсеткіштер биллинг және энергия сервистік компанияларға жіберіледі. Бәсекелестерден негізгі айырмашылығы – бұл модемнің өзіндік құнының төмендігі, демек, халыққа деректерді берудің барлық жүйесін енгізу. Мұндай «ақылды» құрылғылардың болуы шоттарды есептеу үдерісінде қателердің туындау қаупін барынша төмендетіп, шоттарды ұсыну кезінде жеделдікті және айқындылықты  қамтамасыз етеді. Сондай-ақ нақты тұтынылған ресурстарды есепке алу есебінен коммуналдық төлемдерде үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл радиомодемдерді орнатылып қойған есептеуіштерге қосуға болады әрі электр жарығы өшкен жағдайда және интернет-қосылыссыз автономды жұмыс істей алады, бұзылуға қарсы цифрлық қорғаныс жүктелген.

«ТКШ ҚазОрталығында» хабарлағандай, мұндай мәліметтер беру жүйесі ТКШ-ны аспаптандыру және цифрландыру бағдарламаларын іске асыру кезінде қолданылатын болады. Деректер E-Shanyraq бірыңғай ақпараттық жүйесіне келіп түседі және үлкен деректердің (Big Data) негізін қалыптастырады, осының арқасында бүкіл ел мен жекелеген өңірлер бөлінісінде энергия ресурстарын өндіру мен тұтыну теңгерімі шығарылады. Бұл ресурстарды тиімді жоспарлауға және бөлуге мүмкіндік береді және «жасыл» экономикаға көшудің негізін қалайды.

Деректерді беру жүйесі елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде сынақтан өтті. Жақын арада оны Астананың, одан кейін Қазақстанның басқа да қалаларының көппәтерлі тұрғын үйлеріне енгізу жоспарланып отыр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here