Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала – Астанаға жөнелтілді. Тамыз айының 11-12 күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеде 35-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 411 тонна.

Тарқатып айтсақ, 400 тоннадан астам өнімнің ішінде 66 тоннасы – ет және ет өнімдері, 137 тоннасы  – көкөніс, 27 тоннасы – сүт өнімдері, 39 тонна – жеміс-жидек, 20 тонна – картоп, 5 тонна – балық, 4 тонна  – бал (әсел), 5 тонна – кептірілген жеміс, 4 тонна – түрлі консервілер және 28 тонна басқа да өнімдер. Жалпы құны 101 млн теңгені құрайтын өнімдер елорда төрінде нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан саудаланбақ.

Ұйымдастырушылардың ұйғарымы бойынша отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке арқылы ұсынылады. Түркістан облысы Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында бес рет жәрмеңке өткізіледі деп жоспарланған-ды. Бұл сапарды соның 3-толқыны деуге болады.

Жалпы, Астанада ұйымдастырылып жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің бес жәрмеңкесінде түркістандық шаруалар 14753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтетін болады. Осы мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп, дайындық жұмыстары күшейтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here