Нұр-Сұлтанда «G-Global – XXI ғасыр әлемі» II халықаралық конгресі өтті, конгресте Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Қазақстанда құрылған компанияның бірегей бизнес үлгісі туралы айтты.

– Kaspi.kz әлемдегі көптеген компаниялар үшін үлгі болып отыр. Лондон биржасында сәтті өткізілген IPO нәтижесінде біз Қазақстанды әлемдік инновациялар картасына енгіздік. Бұрын халықаралық инвесторлар Қазақстанды шикізат ресурстарына бай ел деп санайтын. Қазір олар Қазақстанды әлемдегі ең ірі FinTech-компаниялардың бірі Kaspi.kz-тің отаны ретінде таниды. Біз де Kaspi.kz – Қазақстанда құрылған компания екенін және барлық өнімдеріміз бен технологияларымызды Қазақстанда біздің команда әзірлейтінін мақтан тұтамыз. Бұл әрқайсымыз үшін үлкен мақтаныш әрі шабыт көзі, – деді Михаил Ломтадзе.

Kaspi.kz бизнес үлгісінің негізін бірегей үздік мобильді қосымша құрайды — ол қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығын толығымен өзгерткен және Қазақстан экономикасын қолма-қол ақшадан қолма-қол ақшасыз экономикаға айналдырған революциялық өнім. 2016 жылы барлық транзакциялардың шамамен 13% қолма-қол ақшасыз жүргізілді. 2021 жылы бұл көрсеткіш барлық транзакциялардың 78%-ын құрайды. Бұл қазақстандықтарға, сондай-ақ ел экономикасына үлкен пайда әкеледі және экономиканың ұзақмерзімді өсуіне ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here