Kaspi.kz қосымшасында ЖҚЕ-ні бұзғаны үшін айыппұлды жаңа параметрлер бойынша:
• жеке куәліктің нөмірі, құжат берілген күн және ЖСН бойынша;
• көліктің мемлекеттік нөмірі және техпаспорттың нөмірі бойынша тексеру мүмкіндігі пайда болды.
Бұрын тек ЖСН бойынша ғана тексеруге болатын.
Айыппұлдың бар-жоғына көлігіңізді тексеру үшін Төлемдер – Мемлекеттік қызметтер, айыппұл, салық – Айыппұлды ашып, өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдайсыз.
Айыппұл болған кезде сіз күнін, бұзу мәнін және төленуі тиіс соманы көресіз. Сондай-ақ бұзушылық туралы толығырақ фото және бейнетіркеу камераларынан көре аласыз, қажет болған кезде хаттаманы PDF пішімінде жүктей аласыз.
Kaspi.kz қосымшасында айыппұлды әрдайым комиссиясыз төлеуге болады!