Алдағы жылдың алғашқы айында астанадағы «Қазақстан» концерт залында ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған ауқымды шара өтеді. Бұл туралы мерейтой дайындығы пысықталған отырысыта Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев айтты.

«2020 жыл біз үшін рухани мұрамызды асқақтат түсетін ерекше кезең. Келер жылы ұлы Абайдың 175 жылдығы мен әлемге екінші ұстаз атанған әл-Фарабидің 1150 жылдың мерейтойы. Еліміз осынау шараларды абыроймен өткеруі керек. Бұл біздің егемендігімізді, елдігімізді паш ететін оқиға болады. Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған ұлыларды ұлықтау, тұлғаларға тағзым ету қазақтың қанында бар дәстүр, парыз.

Қазақты әлемге танытқан Абайдың қазақ даласын өркениет көшуіне қосудағы сіңірген еңбегі ересен. Абайдың арқасында қазақтың даналығы, ғылымы мен білімі, руханияты мен әдебиеті әлемге таралды. Осы себептен бұл мерейтойлардың біз үшін орны бөлек. Олардың абыроймен өткізу үлкен сын, мемлекеттік деңгейдегі жауапкершілік», – деді Қырымбек Көшербаев.  


Комиссия отырысында екі тұлғаның мерейтойын тойлау тұспа-тұс келетіндіктен олардың қатар өткізу мәселесі жоспарланып отырғаны айтылды.

Көшербаев өз сөзінде алдағы жылға кейін қос мерейтойды өткіздудің іс-жоспарын нақты бекіту қажеттігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, жоспардың жобасы Үкіметті және де Президент әкімшілігінде жан-жақты талқыланып, қабылданудың аз алдында тұр.

«Хәкім Абайдың 175 жылдың мерейтойын қалай өткізетінімізді жыл аяғына дейін пысықтап алғанымыз жөн. Ақынды ұлықтаудың алғашқы іс-шаралары Нұр-Сұлтаннан басталады. Келер жылдың 8-ші қаңтарында Елордадағы «Қазақстан» концерт залында салтанатты шарамен ашылады.

Ал негізгі іс-шаралар ақынның кіндік қаны тамған қасиетті Семей жерінде өткерілмек. Мерейтоймен байланысты өзге де жиындар жоспарға енгізілетін болады», – деді Мемлекеттік хатшы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here