Халықаралық жастар қоры, «Шеврон» корпорациясы мен Атырау облысының әкімдігімен серіктестікте жүзеге асырылатын «Заңғар» жобасы аясында ашылған портативті цифрлық өндіріс зертханасы табысты жұмыс істеуде. Аталмыш зертхананың қызметі STEM-білім беруді дамытуға және Атырау жастарының тәжірибелік оқуын жетілдіруге бағытталған.

Таяуда «Кәсіпқор» Кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен Атырау облысының мұғалімдерін «Мобильді робототехника жүйелерін World Skills стандарттарына сәйкес келтіру» тақырыбындағы біліктілігін арттыру курстары барысында 20 информатика пәнінің мұғалімі алғашқы Fab Lab Atyrau цифрлық өндіріс зертханасының жұмысымен танысты.

2019 жылдың ақпан айында APEC Petrotechnic Жоғарғы колледж кампусында орналасқан  Fab Lab Atyrau бағдарламасы колледждің білім беру бағдарламаларына енуіне мүмкіндік алды. Зертханаға Атырау қаласының барлық жастары қатысатын мүмкіндікке ие. Өйткені Fab Lab ғаламдық желісінің қағидасы – жастарға технологиялар мен цифрлік өндіріске қол жеткізуді қамтамасыз етуеді. Зертхана жастары10 мен 22 аралығындағы барлық оқушылармен оқытушылар үшін жұмыс істейді.

Мұнда информатика пәнінің мұғалімдері зертхананың CNC-фрезер станогы, лазерлік кескіш, 3D-принтерлер сияқты құрал-жабдықтарымен танысады. Зертхананың жұмысымен танысу мұғалімдерге теориялық сабақтарды толықтыруға және оқұшыларға Fab Lab Atyrau негізінде прототиптерді жасау мүмкіндігін береді.

Айта кету керек, Fab Lab Atyrau заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жастартардың жобаларын дамытатын Қазақстанда алғаш ашылған орын десек қателеспейміз. Бірнеше жылдан бері жастар зертханасы есту және көру қабілеттері нашар адамдарға көмектесіп, олар үшін түс пен дыбысты анықтайтын құрылғылар, қауіпті орталарды зерттеуге қашықтықтан басқаратын роботтар жасап келеді. Сонымақ қатар осы зертханада біліктілігін шыңдаған Ж.Қаражігітов атындағы №16 лицей түлегі Диас Өмірбеков электрлі мүгедектер арбасын жобалап жасағанын атап айтуға болады.

Халықаралық жастар қоры өкілінің бағдарлау менеджері Нұржан Аманғосовтың: 

– Біздің қор оқыту бағдарламалары мен тренингтердің мазмұнынын әзірлеп, жастардың инженерлік дизайн жобаларын дамытуға күш салдық. Fab Lab Atyrau курстары маңызды әлеуметтік проблемаларды зерттеп, оны шешуге қажетті құралдарды біріктіріп құруға мүмкіндік береді. Қазіргі заманда қажетті критикалық ойлау дағдыларын дамытып, командалық жұмысты ұйымдастыруға жол ашқанын да атап айтуға болады. Бүгінгі таңда курстарға қатысушылар жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешуге бет алған 35 жобаны жүзеге асыруда. Біз Атырау облысындағы STEM білімін дамытуға ықпал етіп жергілікті мектептер мұғалімдерімен өз тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз, – деді қор өкілі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here